Жаңалықтар
Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай өткен «Алаштың рухы- Міржақыптың жыры» атты облыстық оқушылар айтысында “Топжарған” айтыс үйірмесінің тәрбиеленушісі Ақбота Мұқаш жүлделі 1-орынға ие болды.
Жетекшісі: Ернұр Әуезхан
Сәуір айының 23-26сы аралығында Алматы қаласында республикалық “Jaidarman Junior” ойындарының 1/4финалдық сайысы өтті. Ойынға республикамыздың түкпір-түкпірінен барлығы 23 команда қатысып бақ сынады. 6-топқа бөлініп өнер көрсеткен жайдарман сайыстарында 10 команда тамыз айында өтетін 1/2 финалдық сайысқа тікелей жолдама алды. Арқалық қаласы “Жас Ұлан” БЖО “Тентектер” командасы әділ-қазылардың көңілінен шығып 1/2финалдық сайысқа тікелей жолдаманы жеңіп алды. Тәрбиеленушілерімізді шын жүректен құттықтай отыра, алдағы ойындарына сәттілік тілейміз!!!
2025 жылдың 24 сәуір «Жас Ұлан» балалар жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен «Жастар» кіші спартакиада есебіне қала және ауыл мектептерінің 1-4 сынып оқушылары арасында «Кім мерген?» атты дартыс ойыны өткізілді. Жарысқа барлық қала мектептері қатысып ,әр команда сапында 3 ойыншыдан 2 ұл және 1қыз баладан, жалпы 36 дан астам оқушы қатысып, командалық есепте жеңімпаздар анықталды. Жарыс тартысты және қызықтарға толы болды.Жарыстың жеңімпаздарына келсек:
Командалық жарыста :
орын:№10 жалпы білім беретін мектебі.
орын:А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясы.
орын:А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясы.Жарыс ұйымдастырушысы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының спорттық-сауықтыру жұмыстарының педагогы:Марат Е.Б.