Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Дулатов көшесі, 1
8(714-30) 7-09-43, 7-04-05
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Қостанай Облысы Әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының “Домбыра -дастан” үйірмесінің ұйымдастыруымен «Домбыра-дала киесі» атты қала мектеп оқушылары арасында күй жарысы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:
Іс-шара ұлттық өнеріміз бен мәдени мұрамызды насихаттай отырып, жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Сондай-ақ байқау арқылы жас таланттар мен шебер орындаушылардың өнерін таныту мақсаты да көзделген.
Жарысқа 13-15жас аралағындағы оқушылар қатысты.
Қала мектептерінен жалпы саны 6 мектеп іс-шараға ат салысты.
Арнайы қазылар алқасы тағайындалып, жүлделі I, II, III орындар берілді.
Жалпы қорытынды бойынша:
орынды-№ 10 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Сырымұлы Мағжан иеленсе
орынды- № 8 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Сабыржан Гүлжан иеленді
орынды- Ш.Уәлиханов атындағы № 1 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Нағашыбай Ақерке ие болды.
орынды- Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Амантай Аруна иеленді
орынды- №2 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Бәкібек Тәңірберген ие болды.
орынды- Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның оқушысы Ақтатыған Әділ иеленді.
Барлық жеңімпаздар мен қатысушылар мадақтамалармен марапатталды. Белсене ат салысқаны үшін қала мектептеріне алғыс білдіреміз.
Жүлделеріңіз құтты болсын жеңімпаздар.
Жарысты ұйымдастырушы: “Домбыра-дастан” үйірмесінің жетекшісі Дүйсен Ш.М.