Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Дулатов көшесі, 1
8(714-30) 7-09-43, 7-04-05
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Қостанай Облысы Әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

«Өсімдік сүйгіштер» клубы-оқушылар алдында өсімдіктер әлеміне қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу, өсімдіктер мен гүлдердің жіктелуімен танысу мүмкіндігін ашты. Клуб жұмысы аясында балалар мен жасөспірімдер гүл өсіруші-декоратор, гүл өсіруші-көгалдандырушы, ландшафт дизайнері, флорист сияқты мамандықтардың қырларын меңгереді. “Өсімдік сүйгіштер” клубының тәрбиеленушілері алған білімдері мен іскерліктерін үй жағдайында: бөлмені көгалдандыру, үй жанындағы учаскені, гүлзарларды безендіру кезінде тәжірибеде қолданады. Балалар үнемі экологиялық бағыттағы конкурстарға, олимпиадаларға қатысады. Клубта өткізген әрбір күн, тәрбиеленуші үшін қызықты және танымдық қызмет атқарады. Сонымен қатар клубпен қалалық конкурстар, мерекелер, акциялар, кездесулер, мастер-класстар және басқа да іс-шаралар өткізіледі