Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Дулатов көшесі, 1
8(714-30) 7-09-43, 7-04-05
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Қостанай Облысы Әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Бүгін “Жас Ұлан” БЖО алаңында 9 мамыр Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай “Жас Ұлан” ұйымына қабылдау салтанатты кеші өткізілді. “Жас Ұлан” ұйымының қатарына 21 жас қыран, 41 жас ұлан қабылданды. Салтанатты жиынға келген қонақтар Арқалық қаласы сайлау учаскесінің төрағасы А.Айтмағанбетов, білім бөлімінің әдіскері Н.Сәлімжанқызы және орталық директоры Е.Кабылдин мен орталықтың оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі И.Роговой оқушыларды құттықтап, ыстық лебіздерін білдірді.

 “Жас Ұлан” ұйымына қабылданған оқушылар өз Отанының патриоты болуға, Жас Ұлан ережесін бұлжытпай орындауға салтанатты түрде ант берді. Кеш қонақтары оқушылардың кеудесіне төсбелгі тағып, мойындарына Жас Ұланның галстугін байлады. Кеудесінде төсбелгісі жарқыраған оқушылар ерекше көңіл-күйде болып, жауапкершілігі мол екенін сезіне білді. Салтанатты кешке барлығы 150-ге тарда қатысушы болды.

#біртұтастәрбие

#Kostbilim

@oqu_agartu_ministri

@gani.beisembayev

@kost_bilim

@rumcdo_official

@arkalyk_bilim_bolimi

@rcfk_i_do