Жаңалықтар
Сұлулық – бұл біздің көзімізбен жанымызды қуантатын және еліктіретін құбылыс! Гүлдер- табиғаттың таңғажайып туындысы,олардың әсемдігі ерекше!
9-20 қараша аралығында «Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында өткен «Менің гүлдер әлемім» атты қалалық байқауда, қатысушылар бөлме гүлдерінің барлық күтімімен ерекше сұлулығының түр-түрін көрсетті. Қатысушылардың шығармашылық жұмыстары мұқият тексеріліп, ішінен ең үздіктері анықталды:
1 орын:
1.Мұратбек Дильназ, М. Әуезова атындағы №5 жалпы орта білім беретін мектеп
2.Сәрсенбай Айлин, А. Байтұрсынова атындағы бастауыш гимназия.
2 орын:
1.Асылбек Айзада, А.Байтұрсынова атындағы бастауыш гимназия.
2.Құлмұратова Қарақат, Ы.Алтынсарина атындағы бастауыш гимназия
3 орын:
1.Кан Тимур, А.Байтұрсынова атындағы бастауыш гимназия.
2.Жылқыбай Аян, Б.Майлина атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектеп
Белсенді қатысқан оқушылар:
Таңат Әнуар, Есетқызы Нурай, Жылқыбай Әліби, Жылқыбай Бейбарыс, Қадырқызы Шұғыла, Жақсылық Әйбибі, Ахмедия Махаббат ,Серікбай Нұржанат, Мендеш Ақмаржан, Смағұл Гүлсая, Әлімбек Тамирис, Нұрланқызы Әйгерім, Кайыркен Мерей, Фазылхан Айзада, Школьный комитет «Жастар», Жұмабек Інжу, Серикова Айя.
Барлығыңыздың өміріңіз гүлдей жайнай берсін!
Жасап көр! Белсенділік таныт! Жеңімпаз бол!
13.11.2020 жылы «Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған көңілді старт өтті.
Спорттық ойынның негізгі мақсаты: тәрбиеленушілерді денсаулықты нығайтуға баулу және «салауатты бәсекелестік рухты» қалыптастыра отырып қажетті қозғалғыштық қимыл дағдыларын түсіндіру. «Мен мықтымын» атты көңілді мәре ойынына ынтымақты және ұйымшыл 4 команда іске қосылды. Командаларға ойын-сауық, кейде өте қиын жүгіру, допқа секіру сындары ұсынылды, онда олар өздерінің спорттық шеберліктерін көрсете алды. Барлығы мәреге бірінші келуге барын салды.Жарысқа қатысушылар мақтау грамотасы мен тәтті сыйлықтарға ие болды.
Өткізген: «Жеткіншек» отауының жетекшісі – Түбекова Ә.Ә