Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Дулатов көшесі, 1
8(714-30) 7-09-43, 7-04-05
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Қостанай Облысы Әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

1. Конкурстық жұмыс плакатқа салынған сурет түрінде жасалуы керек және коронавирустың алдын алу және оның Қ.Р әлеуметтік-экономикалық салаларына кері әсерін көрсететін шаралардың маңыздылығын, сонымен қатар бұл тақырыптың біздің елдің әрбір азаматы үшін өзектілігін көрсету керек.
2. Суреттер кез-келген көркем материалдарды қолданып қолмен салынады. Конкурстық жұмыста дайын фотосуреттерді,  мәтіндерді, дайын фондарды және т.б. үшінші тұлғалардың авторлық құқығын бұзбау керек.
Плакат өлшемі A2.
3. Жұмыс мазмұнында адамның қадір-қасиетін немесе іскерлік беделін түсіретін балағат сөздер мен қорлаудың басқа түрлерін пайдалануға тыйым салынады.
Конкурстық жұмыстарды бағалау кезінде келесі критерийлер қолданылады:
1 -конкурс тақырыбына сәйкестік;
2 – мазмұнның ашылуының негізі және тереңдігі;
3-жарнаманың, әлеуметтік әдістер мен технологиялардың сауаттылығы мен тиімділігі;
4 – әлеуметтік маңызы;
5 -шығармашылық (идеяның жаңалығы, өзіндік ерекшелігі);
6 – шығармашылық шешімдердің сапасы, кәсібилігі және техникасы;
7 – берілген тақырып бойынша өзінің позициясының көрінісі;
8 – суреттің эстетикалық (көркемдік) артықшылықтары.
Жұмыстар қазылар алқасының бағалауы үшін және барлық ұсынылған жұмыстардың көрмесі үшін «Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығына жеткізілуі керек. Галерея көрмесі 29.01.2021 жылы бізде қойылатын болады!!!
Жұмыстар жеке де, ұжымдық та қабылданады.
• автордың (авторлардың) тегі, аты;
•    туған күні;
• жұмысты орындау күні;
•    жұмыс атауы;
Мұнда тек 14 пен 17 жас аралығындағы балалар қатыса алады.
Жұмыстарды қабылдау уақыттары:  18.01.21 – 28.01.2021 ж аралығында.
Ұйымдастырушы   «Денсаулық айнасы» клубының жетекшісі: Сүйінбекова Г.Т.