Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімі «Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында түрлі шаралар мен жұмыстар атқарылуда. Солардың бірден-бір дәлелі оқушыларға арналған ақпараттық танымдық «Жас-Ұлан» журналы. Журналымыздың жарық көргеніне 1 жылдан астам уақыт болды.
Осы уақыт аралығында қала және ауыл мектеп оқушылары мен ұстаздары өздерінің еңбектерін журнал бетіне жариялап келеді. Орталығымызда болған іс-шаралар осы журналда жарық көруде.
Журналдың негізгі мақсаты-шығармашылыққа қабілеті бар оқушылардың көзін ашу, өзіндік жазу стилін қалыптастыру мен дамыту.
Жазғы демалыстарда оқушыларға арналған ақпараттық-танымдық журналының маусым, шілде, тамыз айларының кезекті саны басылып шығарылды.
«Жаз-2019» тақырыбындағы бұл журналда биылғы жазғы орталығымыздың және қала мектептерінің ұйымдастырған демалу лагерлерінің қызықтары жарияланды. Мұнда лагер басшылары, клуб, үйірме жетекшілері, отряд жетекшілерінің легер жайлы қызықты мақалалалары еңгізілді.