Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Дулатов көшесі, 1
8(714-30) 7-09-43, 7-04-05
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Қостанай Облысы Әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

«Жас-Ұлан» БЖО спорттық және сауықтыру жұмыстарының ұйымдастырушы-педагог Б.А. Тануовтың ұйымдастыруы мен  қала және ауыл мектептері арасында «Жастар» спартакиада шеңберінде 1-4 сынып ер балалар арасында 2020 жылдың 8-ші ақпан айында пионерболдан сайыс өткізілді.  Сайысқа 12 мектеп қатысты. Сайыс өз деңгейінде өте жақсы өтті. Ауыл мектептері арасында Аңғар және Фурманов орта мектептері келді. Өкінішке орай ауыл мектептері өз топтарынан финалға шыға алмады. Финалға қала мектептері арасынан 3-ші орынға  Кейкі батыр атындағы №4-ші орта мектебі мен Родина орта мектебі, ал 1ші және 2-ші орынға М.Әуезов атындағы орта мектебі мен А.Құнанбаев атындағы гимназия ойнады. 3-ші орында Кейкі батыр атындағы №4-ші, 2-ші орынды М.Әуезов атындағы №5-ші, ал 1-ші орынды А.Құнанбаев атындағы гимназия иеленді. Сайыс соңында мектеп және мектеп оқушыларын жекелей мақтау қағазы мен марапатталды.