Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Дулатов көшесі, 1
8(714-30) 7-09-43, 7-04-05
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Қостанай Облысы Әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

2024 жылдың 13 ақпан күні “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер орталығы, “Алатау” клубының ұйымдастыруымен қала және ауыл мектеп оқушылары арасында «Спорт-экстрим»спорттық альпинизм бойынша жартасқа өрмелеуден жарыс өтті.

Мақсаты мен міндеті:
Балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру және олардың спортқа деген ынтасын күш қайратын оята білу. Жартасқа өрмелеуді”спорт түрі ретінде дамыту мен оқушылардың уақытын тиімді пайдалану.
Жалпы, жарысқа 5-6сынып аралығында оқушылар қатысқан еді.
Қатысқан 9 мектеп командалардың ішінде 3 мектеп команда жүлделі орынға ие болды. Олар:
Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебі. Жүлделі 1 орын;
М.Ауезов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебі жүлделі 2-ші орын;
Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектебі жүлделі 3-ші орынға ие болып, марапатталды.
Жарысты ұйымдастырушы “Алатау”отауының жетекшісі. Марат Е. А.