Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Дулатов көшесі, 1
8(714-30) 7-09-43, 7-04-05
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Қостанай Облысы Әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

2024 жылдың 9 сәуір күні “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен судан зардап шеккен “Қызбел” ауыл тұрғындарының балаларына ашық есік күні өтті. Іс – шараның мақсаты балалардың бос уақытын тиімді әрі қызықты өткізуге арналған үйірме жұмыстарымен таныстыру және жақсы көңіл – күй сыйлау. Аталмыш, шарада балаларға шығармашылық орталық бойынша экскурсия жасалып, алдағы күндері қалаған уақыттарын да үйірмелерге келіп жұмыс жасай алатындары айтылды. Кейін балаларға арнайы тәттілер таратылып, “Кинокеші” мен караоке ұйымдастырылды.Талантты балалар өз өнерлерін көрсетіп, шара соңында естелік фотоға түсті. “Жас Ұлан” балалар мен жасөпірімдер орталығы судан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетуге әрдайым дайын!