Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Дулатов көшесі, 1
8(714-30) 7-09-43, 7-04-05
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Қостанай Облысы Әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

21 мамыр күні «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының алаңында мектеп парламенті мүшелеріне арналған «Жалында, Жас Ұлан!» атты шатырлы лагерь ұйымдастырылды. Жыл бойына балалар ыстық ықыласпен асыға күтетін бұл іс – шарада балалар табиғат аясына өз шатырларын тігіп, түрлі ойындар мен жарыстарға белсене ат салысты. Өз шатырлары жанында түскі ас ішіп, гитарамен ән айтып көңілді отырды. Ойындар мен спорттық жарыстарға жауапты педагогтар уақыт бойынша өз іс – шараларын қызықты өткізіп, балалардың қауіпсіздік ережелері ескерілді.

Барлық спорттық жарыстар мен ойындарға белсене қатысқаны үшін мектеп парламенттері марапатталды. Сонымен қатар, «Ең белсенді мектеп комитеті » номинациясы бойынша Ш.Уалиханов атындағы №1 ЖББМ, №2 ЖББМ, А.Құнанбаев атындағы мектеп – гимназиясы, №8 ЖББМ, №10 ЖББМ, Ә.Бөкейхан атындағы ЖББМ және Ы.Алтынсарин атындағы гимназия марапатталды. Соңында жылды қортыдылап, аға тәлімгерлерге алғыс хат берілді.

Қалалық штаб төрайымы А.Ыбыраева