Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Дулатов көшесі, 1
8(714-30) 7-09-43, 7-04-05
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Қостанай Облысы Әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Қараша айының 19ы күні «Жас Ұлан» БЖО акт залында «Позитив» Жайдарман үйірмесінің ұйымдастыруымен қалалық Жайдарман ойындарының1/4 финалдық сайысы өтті. Ойын тақырыбы: «Кіл мықтыдан – кім мықты?». Ойынға қала және ауыл мектептерінен барлығы 15-команда қатысып өз бақтарын сынады. Қатысқан барлық команда 1/2 финал ойындарына өтіп ұпай сандарын жинайды, ең көп ұпай жинаған 5команда финалдық сайысқа жолдама алады. Әділ қазылар алқасы:

1) Арқалық қаласы білім бөлімі әдіскері –Гүлнұр Тұрғынқызы.

2) «Arqa quiz» интеллектуалды ойындарының ұйымдастырушысы- Мереке Сейілбекқызы.

3) «Жас Ұлан» БЖО «Шабыт» театр үйірмесінің жетекшісі- Маржан Құрымғалиқызы.

4) Арқалық қаласы Жастар ресурстық орталығы басшысы – Данияр Қуанышұлы.

5) Облыстық жайдарман ойындары редакторы – Бақытжан Абайұлы.

Қатысқан барлық командаға «Позитив» үйірмесі атынан алғыс білдіре отыра, келесі 1/2 финалдық ойында сәттілік тілейміз. Жайдарманның жайдары күндерінде жолыққанша!