Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Дулатов көшесі, 1
8(714-30) 7-09-43, 7-04-05
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Қостанай Облысы Әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында 2023 жылы қазанның 23 күні «Жүзу» үйірмесінің ұйымдастыруымен қала мектеп оқушыларының 7-8 сынып оқушылары арасында суға жүзуден жарыс өтті. Жарыстың мақсаты:
– оқушыларға салауатты өмір салтын қалыптастыру;
– қала көлемінде суда жүзу спорт түрін дамыту, шебер суда жүзушілерді анықтау;
Жарыстың негізгі ережесі 25м -50м қашықтықтағы бассейнде жүзу. Команда құрамы 4 адамнан тұрады. Ойын барысы 2 командадан уақыт көрсеткішіне суда жүзуден жарысты. Жалпы қала мектептерінен 5 команда қатысты. Жарыс қорытындысын төрешілер уақыт көрсеткішіне байланысты анықтады. Этасфеталық жарыс бойынша:
I Орын- Кейкі батыр атындағы №4 мектебінің командасы қанжығасына байлады.
II орын- А.Құнанбаев атындағы мектеп гимназия командасы ие болды.
III орын- Ш.Уалиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектебінің командасы қанжығасына байлады.
25 метр және 50метр қашықтықта ұлдар арасында:
I Орын- Кейкі батыр атындағы №4 мектебінің оқушысы Қарсақпай Нұрдәулет иеленді
II орын- Кейкі батыр атындағы №4 мектебінің оқушысы Нұрланұлы Әлібек иеленді
III орын- Ш.Уалиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Жомартбеков Арнур қанжығасына байлады.
25 метр-және 50метр қашықтықта қыздар арасында:
I Орын- Кейкі батыр атындағы №4 мектебінің оқушысы Қалижан Аида қанжығасына байлады
II орын- Кейкі батыр атындағы №4 мектебінің оқушысы Маликова Айназ иеленді
III орын- Ш.Уалиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Бейсенбаева Аружан ие болды
Жеңімпаздар мадақтама қағаздарымен командалай және жеке ойыншылар болып марапатталды.
Балалар бассейнде жарысқандарына ризашылық білдіріп, мәз-мейрам болып тарқады.
Жарысты ұйымдастырушы: Кәдір Бауыржан Кәкімжанұлы