Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Дулатов көшесі, 1
8(714-30) 7-09-43, 7-04-05
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Қостанай Облысы Әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Қала мектеп оқушылары арасында өткізілген «XXI ғасыр көшбасшысы» атты қалалық зияткерлік ойынының қорытындысы:
   07.04.2022 жылы «Жас Ұлан» БЖО жанынан құрылған «Жалын» көшбасшылық шеберлік мектебі және «Жас Ұлан» қалалық штабы ұйымдастыруымен «XXI ғасыр көшбасшысы» атты қалалық зияткерлік сайысы өткізілді.
   Оқушылардың пәндерге қызығушылықтарын оята отырып,логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, дүниетанымын кеңейту, ұйымшылдыққа,тапқырлыққа алғырлыққа зейінді болуға тәрбиелеу сайыс мақсаты болды.
   Сайыс 3 айналымнан тұрды: I айналым- «Бәйге», II айналым- «Дода»,
III айналым- «Жорға».
   «XXI ғасыр көшбасшысы» атты қалалық зияткерлік ойынына барлығы 8  қала мектептері қатысты, соның ішінде №1, №2, №3, №4, №5, №10 жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары және Ы.Алтынсарин атындағы гимназия мен А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары белсене атсалысты. Зияткерлік ойын ережесі бойынша қала мектептерінің 9-10 сынып аралығындағы оқушылары қатысты. Барлық айналымдағы сұрақтар мектеп бағдарламасынан қойылды. Оқушылар аталған зияткерлік ойында жоғары деңгейде белсенділік танытып, өз білімдерін ортаға салып, нәтижесінде көшбасшы оқушылар анықталды.
    Сайыстың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған оқушылар:
1 орын- Ы.Алтынсарин атындағы гимназиясының оқушылары Иманғазы Мөлдір, Тлектес Айдана.
2  орын- Б.Майлин атындағы №3 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары Қонысбаева Айшабибі, Құлажанова Ақния.
3 орын- Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары Камалов Айбат, Ғисса Рамазан.
 
Белсенділік танытқан барлық қатысушылар мен жетекшілерге алғыс білдіреміз!
 
Ұйымдастырушылар: «Жалын» көшбасшылық шеберлік мектебінің жетекшісі Файзуллина А.Н.  және «Жас Ұлан» б/ұ штабы төрайымы           Әмірғалиева А.Ш.