Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Дулатов көшесі, 1
8(714-30) 7-09-43, 7-04-05
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Қостанай Облысы Әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Қазанның 8-і күні ұстаздар мерекесіне орай «Ұстаз ұлағатты жан» тақырыбында жайдарман ойындарының маусымашар кубогы өткізілген болатын. Мерекелік іс-шарамызға қаламыздың мектеп оқушылары мен басқа да жоғарғы оқу орындарынан 13 команда  қатысып өз бақтарын сынады. Көрермендерге жақсы көңіл күй сыйлап, астарлы әзілдерімен әділ қазыларды баураған командалардың арасында жеңімпазды анықтау өте қиын болды. Дегенмен ұтымды әзілдеп қазылардың көңілінен шыққан Еркін құрама «2003 тер» командасы сәл ғана басымдылықпен кубокты еншілесе, әртістік шеберлігімен көрерменді тамсандырған Өтепбай Жанболат «Ұландар» АркГПИ ойыншысы «Үздік ойыншы» номинациясын иеленді. Қатысқан барлық команда маусымның 1/8ойындарына жолдама алды. Алдағы болатын ойындарда бұданда жақсы дайындықпен келіп, көрермен ықыласына бөлет деген ойдамыз.