Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Дулатов көшесі, 1
8(714-30) 7-09-43, 7-04-05
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Қостанай Облысы Әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

«Салауатты таңдау жаса!» интеллектуалды – танымдық ойыны қорытындысы.

Қымбатты достар!!! Бізде  “Жас -Ұлан” балалар мен жасөспірімдер    орталығында «Салауатты таңдау жаса!» тақырыбында  қала  мектептері арасында 4 сынып оқушыларына арналған екі тілде (қазақ және орыс), интеллектуалды – танымдық ойыны өткізілді!

Мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау; оқушыларға өз денсаулығын сақтау үшін жеке жауапкершілікке тәрбиелеу. Оқушыларға өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беру; рухты көтеруге және командаларды біріктіруге ықпал ететін жағымды эмоциялар тудыру.

Ойын  екі тур және қызықты бірнеше  сайыстардан  тұрды, мұнда  денсаулық және спорт тақырыбында көптеген мақал – мәтелдер, түрлі қызықты сұрақтар, ойындар өткізілді. Оқушылар жоғары белсенділікпен ат салысып, күшті қызығушылықпен қатысты.

Қорытынды бойыншабірінші турдан  мына  мектеп оқушылары  оза шығып,жолдама алып, екінші турда марапаттау нәтижесі төмендегідей болды :
І орын – Б. Майлин  атындағы №3 орта мектебінің 4 «А» сынып оқушылары
ІІ орын – А. Құнанбаев атындағы № 6 мектеп-гимназиясының 4 «А» және №2 орта мектебінің 4 «А» сынып оқушылары
ІІІ орын – А. Байтұрсынов  атындағы бастауыш гимназиясының  4 сынып оқушылары иеленді .
Ал ойынға қатысушы басқа мектеп оқушыларына бірінші турғабелсене қатысқандары  үшін  алғыс  хаттар берілді.

Барлық мектептін интеллектуалды ойын-сауық ойынына  қатысушы 4 сынып оқушыларына және  аға тәлімгерлерге алғыс білдіре отырып, жаңа бастамаларында мол табыстар  және үлкен жеңістер тілейміз!
Ұйымдастырушы: Суинбекова Гулнур Тургыновна – “Денсаулық айнасы” үйірмесінің жетекшісі.