Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Дулатов көшесі, 1
8(714-30) 7-09-43, 7-04-05
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Қостанай Облысы Әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

18 мамыр күні  сағат   9:00  де  «Жас-Ұлан»  БЖО аумағында  «Жаңа леп» шатырлы  лагері өткізілді.   Бұл шараға мектеп оқушыларынан 120 , ал қалалық  штабтан 10 бала  қатысты.  Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында   «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары  қызметі» ММ  және полиция қызметкерлері  сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін  уақыт  аралығында  кезекшілік  ұйымдастырды.

Қала мектептерінің  ұланбасылары  рапорт беріп болған соң, шатырлы лагерь жол парағы мектептерге үлестірілді.

Мектеп шатырлары құрылып, жеңіл таңғы асы ішілді.  Сағат 10:00 ден бастап  төмендегідей түрлі жарыстар ұйымдастырылды:

«Арқан тартыс» спорттық  ойыны, оған әр мектептен 5 баладан;

 «Походка» конкурсы,  2 оқушыдан;

«Кенгуру» эстафетасы – 4 оқушы;

 «Тек алға» спорттық эстафетасы – 2 оқушыдан.

Ойындар соңында жеңімпаздар анықталып, орындарға грамоталар және белсенді мектеп оқушылары мен аға тәлімгерлеріне алғыс хаттар берілді.  Сонымен атар «Ең ыңғайлы шатырлы палатка» грамотасы 3 мектепке берілді.

Түскі астан соң шатырлы лагерь орны жиналып, сағат 14:00-де барлық мектеп тазалық акциясын өткізіп, үйлеріне  тарады.

Осылай «Жаңа леп» шатырлы  лагері өз мақсат – міндетіне жетті.