Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Дулатов көшесі, 1
8(714-30) 7-09-43, 7-04-05
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Қостанай Облысы Әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

«Жастар» кіші спартакиадасының жоспарына сәйкес 1-4 сынып қыз балалар арасында қарашаның 24 күні «Жас-Ұлан» БЖО МКҚК спорт залында командалық «Пионербол»  жарысы өткізілді. Жарысқа жауапты спорттық сауықтыру жұмыстарын ұйымдастырушы педагог – Абдрахманов Даурен Абдыхалықұлы.

Жарысқа қала мектептері түгелдей атсалысып жарыстың тартысты өтуіне үлес қосты.бірінші топтан А.Құнанбаев атындағы №6 мектеп және Родина орта мектебі топ үздіктері болса,екінші топтан Ш.Уалиханов атындағы №1 мектеп және №4 Ж.Б.Б. мектеп топтық кездесулердің жеңімпазы атанды. 3-ші орын үшін кездесуде Родина орта мектебі №4 Ж.Б.Б. мектебінен 2-1 есебімен басым түссе,финалдық кездесуде А.Құнанбаев атындағы №6 мектебінен 2-0 есебімен басым түсіп жарыс жеңімпаздары атанды. Жүлделі орын ұтып алған командалар «Жас-Ұлан» БЖО мақтау қағаздарымен марапатталды.