Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Дулатов көшесі, 1
8(714-30) 7-09-43, 7-04-05
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Қостанай Облысы Әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Жаңашыл ұрпақты тәрбиелеу мақсатында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының «Bloggers» отауының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 11 мен 25- сәуір күндері қала және ауыл мектеп оқушылары арасында «Үнемділік инноваторы» атты лайфхактар байқауы өткізілді.

Байқауға қала мектептерінен 13 жұмыс жиналды. Байқау қорытындысын шығару әділ- қазы алқаларына оңайға түскен жоқ. Әрбір қатысушының жұмыстары жіті қаралып, бағалау өлшемдері арқылы бағаланып, мынадай қорытынды шығарылды.

І орын: Жақсылық Азиза – А.Байтұрсынов атындағы бастауыз гимназия 3 «Д» сынып оқушысы

ІІ орын: Сейлхат Сардар- №2 мектептің, 8 «А» сынып оқушысы

ІІІ орын: Мукан Инкар-  А.Байтұрсынов атындағы бастауыз гимназия 3 «Д» сынып оқушысы

ІІІ орын: Аманжол Ерсұлтан – Ы.Алтынсарин атындағы гимназия, 7 «Ә» сынып оқушысы

ІІІ  орын: А.Құнанбаев атындағы мектеп гимназиясының 10 «Б» сынып оқушылары.

Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және де ат салысқан барлық  оқушыларға алғыс білдіреміз. Жеңісті, жемісті күндеріміз көп болсын!!!

«Bloggers» отауының жетекшісі: Есімханова Жансая Айтмуханқызы