Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Дулатов көшесі, 1
8(714-30) 7-09-43, 7-04-05
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Қостанай Облысы Әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласының 21-жылдығына орай «Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагері  демалушылары мен тәрбиешілері  мерекелік концерт ұйымдастырды.

Евразия жүрегінде орналасқан Елордамыз Нұр-Сұлтан, саяси тұрақтылық пен ұлтаралық ынтымақта қарқынды дамып келеді. Осы  сындарлы  21-жылда  еңселі елордамыз бар әлемге танылып, мақтанышқа айналды.

Бұл  мерекеге жылы лебізін білдіру үшін алғашқы құттықтау сөзі «Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Роговой Игорь Ивановичке берілді. Мұнда «Балдәурен» балалары және қала мектептері лагерлерінің демалушылары ,ұстаздар көрермен болды .

Іс – шарада мерекелік әндер, күйлер, түрлі ұлттық билер, пародиялар ойналды. Балалар өз өнерлерін жан – жақты көрсетіп ортаға салып,  концерт өте тамаша ,жоғары деңгейде өткізілді.

Еліміз тыныш,аспанымыз ашық болсын!