Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Дулатов көшесі, 1
8(714-30) 7-09-43, 7-04-05
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Қостанай Облысы Әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

29 қараша күні «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында «Өлкетану» үйірмесінің ұйымдастыруымен өтілген «Менің көшем,менің ауылым» атты презентация байқауының қорытындысы шығарылды.

Байқаудың мақсаты: туған өлкеміздің көше тарихын білу және зерттеу;

Тарихи танымын арттыру;

Өлке шежіресін терең білуіне оқушылардың құштарлығын күшейту.

Жалпы байқауға 7 мектеп қатысты.

Байқау талаптарына сәйкес жұмыстар талқыланып, барлық қатынасқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

1 орынды №8 негізгі мектептің оқушысы Елубай Айдана , жетекшісі Қалмағанбетова Ақбота.

2 орынды №1 Ш.Уәлиханов атындағы мектептің оқушысы Спанова Ақсезім, жетекшісі Мұстафа Мадина.

3 орынды №4 Кейкі батыр атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушысы Алтаева Сабина, жетекшісі Муканова Асима иеленді.

Басқа қатысушылар да арнайы номинациялар бойынша марапатталды.

Байқауға қатысқан барлық мектептерге, оқушылары мен жетекшілеріне алғыс айтамыз.