Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Дулатов көшесі, 1
8(714-30) 7-09-43, 7-04-05
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Қостанай Облысы Әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Қайырлы күн достар! «Жас-Ұлан » балалар мен жасөспірімдер орталығының «Bloggers» отауының ұйымдастыруымен «Блогердей болып көр!»,  атты жарнамалық байқауының басталғандығын жариялаймыз.
Байқауға қатысушылар күнделікті тұтынатын, немесе жаңадан пайда болған күнделікті өмірде қажетті заттарды жарнамалап, бейнеролик түсіруі қажет. Байқауға 1-11 сынып аралығындағы қала-ауыл мектеп оқушылары қатыса алады.Қатысушы өз қалауы бойынша еркін тақырыпта жарнамалық бейнеролик түсіре алады.
Ескерту! Интернет желісінен алынған материалдар, фотосуреттер, жарнамаға арналған аргументтер қолдануға тыйым салынады.
•    Жарнама-роликтің  ұзақтығы 3 минуттан аспауы тиіс;
Байқауға жұмыстар – 2021 жылдың 1.02-13.02 уақыт аралығында қабылданады.
13.02.2021- жұмыстар қаралып, әлеуметтік желілерге салынады.
Байқау жеңімпаздары алғыс хаттармен марапатталады. Байқауға қатысушылардың жұмыстары және белсенді қатысушылар туралы ақпарат «Жас-Ұлан» БЖО сайтына, Instagram, facebook парақшаларына және YouTube каналына жарияланады.
Жұмыстарыңыңызды 13.02.2021 жылға дейін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.  почтаcына немесе
8-747 -728-15-98 Whatsapp номеріне жіберулеріңіз сұралады.
Барлық сұрақтар бойынша  8-747 -728-15-98  байланыс номеріне хабарласып біле аласыздар.