Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Дулатов көшесі, 1
8(714-30) 7-09-43, 7-04-05
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Қостанай Облысы Әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

16 сәуір күні «Информационный калейдоскоп» және «Курсор» отаулары жетекшілері – Сүйінбекова Гүлнұр мен Қабусағит Бекзаттың ұйымдастыруымен «Ғаламтор әлемі» интелектуалдық ойын іс-шарасы өткізілді. Мақсатымыз – информатика пәніне басқа қырынан қарау. Әр бір пән ол үлкен әлем. Ал бұл әлемде саяхаттау үшін, оның ережелерін, зандарын, тілдерін білу керек.
Мұнда 2 команда, әр командада 3 оқушыдан қатысты. 1 топ атауы: «Компьютерлік ғалымдар», Ұрандары: «Ақыл, ойсыз ештене тұрмайды!».

2 топ атауы:«Виртуалдар», Ұрандары: «Барлық жерде тапқыр өз білімін қолданар!».

Ойын 5 сайыстан тұрды:
1. Командаларды таныстыру
2. «Ізден» сайысы
3. «Суретшілер» сайысы
4. «Миға шабуыл» сайысы
5. «Капитандар сайысы».
Сайыста Сымбат Болатовна, Бауыржан Абдисаламович, Антон Николаевич әділ қазылық етті. Қатысу барысында оқушылар түрлі сұрақтарға жауап бере отырып, әр – түрлі тапсырмалар орындап өздерінің тапқырлықтарын, білімдерін көрсетті.
Қортынды бойынша І орынды «Компьютерлік ғалымдар» тобы, Нуриев Әлішер, Балғабек Алғыр, Тілектес Асар жеңіп , ал ІІ орынға «Виртуалдар» тобы, Ибраева Жасмин, Жаңбыршы Қызғалдақ, Төреғазы Айару иелік етті.
Интелектуалдық ойын өз мақсат міндетіне жете алды.