Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Дулатов көшесі, 1
8(714-30) 7-09-43, 7-04-05
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Қостанай Облысы Әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

2024 жылдың 22-30 желтоқсан аралығында өткен “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер орталығының қала мектеп оқушыларына арналған жаңа жылдық бағдарлама аясында “Шабыт”театр үйірмесі “Ертегілер елін құтқарайық” атты жаңа жылдық қойылым (ертегі) қойды. “Шабыт” театр үйірмесі жаңа жыл қарсаңында балаларды сиқырлы әлемге апара отырып, жылдың үздік тикток трендтері мен сүйікті мультфильм кейіпкерлерін сахнаға шығарды. Айта кетейік, қойылымға “Шабыт” театр үйірмесінің тәрбиеленушілері ат салысқан еді. Кішкентай биші санта клаустар, қар ханшайымы, жылан сияқты т.б кейіпкерлерді сомдады. Кейіннен ат салысқан театр үйірмесінің тәрбиеленушілеріне “Жас Ұлан” БЖО атынан сыйлыққа тәттілер, ақшалай сыйлық және бассейнге абономент берілді.
#біртұтастәрбие
#Kostbilim
@oqu_agartu_ministri
@gani.beisembayev
@kost_bilim
@rumcdo_official
@arkalyk_bilim_bolimi
@rcfk_i_do