Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Дулатов көшесі, 1
8(714-30) 7-09-43, 7-04-05
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Қостанай Облысы Әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

«Дені сау ұрпақ –жарқын болашақ» атты буклет байқау қорытындысы.
2023 жылдың 23-ші қаңтар айында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының «Денсаулық айнасы» үйірмесінің ұйымдастыруымен «Дені сау ұрпақ –жарқын болашақ» атты буклет байқауы болып өтті. Сайысқа «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының тәрбиеленушілері белсене ат салысты.
«Дені сау ұрпақ –жарқын болашақ» атты буклет байқауының әділ- қазы болып мекемеміздің
«Bloggers» клубының жетекшісі Әмірғалиева Аяжан Шахмарденқызы .

Қорытындылай келе
І орынды- «Жас қалам» кіші тобы тәрбиеленушілері иеленді.
ІІ орынды «Денсаулық айнасы» үйірмесінің тәрбиеленушісі Серікжан Нұрали ие болды.
Белсене қатысқаны үшін «Ботақан телестудиясы» үйірмесінің тәрбиеленушісі Ноби Гүлназым және «Жас актер» театр үйірмесінің тәрбиеленушісі Жолдыбай Ділназ марапатталды.
Барлық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының тәрбиеленушілеріне алғыс білдіреміз!