Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Дулатов көшесі, 1
8(714-30) 7-09-43, 7-04-05
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Қостанай Облысы Әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

21- сәуір “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер орталығында, “Денсаулық айнасы” клубының ұйымдастыруымен “Дені сау ұрпақ- жарқын болашақ” атты презентация байқауы болып өтті.  Презентация байқауының негізгі мақсаты:
1) Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттай отырып, денсаулығын сақтау және аурудың алдын алу жолдарын үйрету.
2)Оқушыларға жақсы, саналы, білімді азамат болу үшін,  мәнді өмір сүру үшін ең бірінші денің  сау болуын, басты байлық- денсаулық екендігін түсіндіру.
3)Оқушылардың ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
 Байқау қала мектептері арасында өткізілді. Байқау талаптарына сәйкес келген жұмыстар жүлдері орындарға ие  болды. Олар:
орынды Ш.Уәлиханов атындағы #1  мектебінің оқушысы Спанова Ақсезім жеңіп алды.
орынды Б.Майлин атындағы #3 мектебінің оқушысы Қонысбаева Айшабибі иеленді.
орынды #8 орта мектебінің оқушысы Сейтжаппарова Жанерке қанжығасына байлады.
 Байқаудан орын алған және қатысқан оқушылар мадақтама қағаздарымен марапатталды.
 
  Байқауды ұйымдастырушы “Денсаулық айнасы” клубының жетекшісі: Италмасова Маржан Курымгалиевна.