Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Дулатов көшесі, 1
8(714-30) 7-09-43, 7-04-05
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Қостанай Облысы Әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

2022 жылғы 7 қараша мен 15 қараша аралығында қалалық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы «Біз біргеміз!» қайырымдылық акциясын жүргізді.Қала мен ауыл мектептері ат салысты. Мұқтаж жандарға азық-түліктер, киім кешектер мен аяқ киімдер, ойыншықтар және т.б. берілген еді.  Көмек көрсетілген отбасылардың бірі – Арқалық қаласы, Жангелді көшесінде  көпбалалы отбасы. Балаларға азық – түліктер, тәттілер, киім кешектер таратып, көңілдерін көтерді. Кейін отбасы өзінің алғысын айтып, шығарып салған еді.
Акция негізінде ұйым № 12 жатақханада тұратын балалармен танысып, қызықты «Контакт», «Саңырау телефон», «Қолтырауын» ойындарын ойнатты. Балаларға ойынға қатысқаны үшін, тәтті кәмпиттер, көрнекілік құрал – жабдықтар мен оқу құралдары таратылды.