Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Дулатов көшесі, 1
8(714-30) 7-09-43, 7-04-05
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Қостанай Облысы Әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Құрметті “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер орталығының тәрбиеленушілері сіздерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз!!! Сіздердің әр күндеріңіздің бақытты балалық шаққа толы болуына тілектеспіз.Сондай-ақ бақыт, шаттық  тамаша көңіл-күй, мықты денсаулық  және адал достарыңыз көп болсын!.

“Жас Ұлан” БЖО ұжымы ұйымдастырған “Балалар шығармашылығының аймағы – балалар армандарының аймағы” мерекесі барлықтарыңызға  тамаша көңіл-күй сыйлады

“Жас Ұлан” БЖО кіреберіс есік алдында сахна жасалынып,балалар әзіл айтып, би билеп, әннен шашу шашты. Көңілді   жүргізушілері мен сайқымазақтар мерекенің сәнін келтірді.

Балалар мен жасөспірімдер орталығының алаңы  қызығушылықтарына қарай бірнеше  шығармашылық аймақтарға бөлінді. Онда төмендегідей шығармашылық байқаулар өткізілді.

  • Сазбалшықтан мүсіндеу бойынша «Летний эрмитаж»шығармашылық байқауы;
  • «Біз биіктен көрінеміз» көңілді мәре;
  • «Бақытты балалық» асфальтте сурет салу байқауы;
  • «Ертегі әлемінде» театрланған қойылымдар байқауы.

Байқау белсенділері мен жеңімпаздары грамоталармен марапатталды. Іс шара соңында қатысушылар «Балалық» бекетінен  ара қашықтықты сақтай отырып, бір қатармен «Тәттілер» бекетіне барды. Барлық балаларға тәтті сыйларды ұсынғаны үшін  ТБКБ ұжымына алғысымызды білдіреміз.