Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Дулатов көшесі, 1
8(714-30) 7-09-43, 7-04-05
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Қостанай Облысы Әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

2024 жылдың 3 маусым күні «Жас Ұлан» балалар мен жасөпірімдер орталығында жазғы лагерьдің ашылу салтанатына орай ұйымдастырылған «Бақытты, балалық шақ!» атты отбасылық шығармашылық фестивалі өткен еді. Аталмыш, іс-шара қала және ауыл мектеп жанынан құрылған жазғы лагерлерінің оқушылары мен олардың ата-аналары арасында ұйымдастырылды. Іс-шара спорттық және шығармашылық байқалаулардан құралған 6 алаңнан тұрды. Олар:
• «Менің сүйікті отбасым!» мольберттерде сурет салу;
• «Біз біргеміз» спорттық эстафетасы;
• Ашық аспан астындағы керамикалық шеберханада «Менің отбасымның елтаңбасы» атты керамикалық қолөнер байқауы;
• Судағы отбасылық жүзу жарысы;
• «Бақыт құмырасы» атты қыш құмыра жасау шебер сағаты;
• «Жеңіске бірге жетейік!» жартасқа өрмелеу байқауы.
Үстіде берілген байқаулар бойынша алаңдар жұмыс жасап, қатысқан әр отбасыға тәттілер мен сыйлықтар берілді. Кейін жабылу салтанатында үздік әрі белсенді отбасылар мадақтамаларға ие болды. Онымен қоса, іс-шара барысында шетелдік делигациядан Чехиялық қонақтар келіп, ізгі тілектерін білдірді. Қорытындылай келе, отбасылық шығармашылық фестивалде ата-ана мен баланың қарым-қатынасы нығайып, көңілді әрі қызықты уақыт өткізді.