Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Дулатов көшесі, 1
8(714-30) 7-09-43, 7-04-05
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Қостанай Облысы Әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Ақпан айының 5-ші жұлдызында қала мектептерінің 8-9 сынып оқушылары арасында «Жас-Ұлан» спартакиадасы шеңберінде  «Жас-Ұлан» БЖО МКҚК спорт залында «Үстел теннисі» жарысы өтті.  Қала мектептерінен 10 білім беру ошағынан 30 оқушы қатысты. Алдымен 5 командадан екі топқа бөлуге жиреби тартылды.Топтық ойындар айналмалы жүйемен өтті. Өз топтарында 1 орын алған командалар 1-2 ші орынға ойындарын өткізсе,  2 орын алған командалар 3 орынға ойнады. Жарыс қорытындысы бойынша 3 орын Родина орта мектебі. 2 орын Шоқан уалиханов атындағы №1 орта мектеп және жарыс жеңімпаздары болып Бейімбет Майлин атындағы №3 орта мектеп болып танылды.