21.04.2023 ж. Республикалық қоғамдық бірлестіктің Арқалық қаласының “Жас Ұлан” балалар және жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен қала және ауыл мектептерінің аға тәлімгерлері арасында “Үздік тәлімгер – 2023” байқауы өткізілді. Байқауға барлығы 9 тәлімгер қатысты. 3 турдан болған байқауға аға тәлімгерлер жан-жақты ізденімпаздықпен дайындалып, өз жұмыстарын көрсете білді. Әділ қазылар алқасы білім бөлімінің әдіскері Г.Суйнбекова, “Жас Ұлан” орталығының оқу-тәрбие орынбасары И.Роговой және көп жылдық еңбек өтілдері бар М.Әуезов атындағы №5 ЖББМ аға тәлімгері А.Куралбекова мен Ә.Бөкейхан атындағы ЖББМ аға тәлімгері С.Смайлова байқаудың қорытындысы бойынша төмендегі қатысушыларды марапаттап, ақшалай сыйлықтар табысталды.
1- орын Қайыңды негізгі орта білім беретін мектебінің аға тәлімгері А.Жүнісбекқызы.
2-орын А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясының аға тәлімгері Н.Әбдібек.
3-орын Ш.Уалиханов атындағы №1 мектебінің аға тәлімгері М.Мұстафа