Байқауға қала және ауыл мектептерінен, қосымша білім беру орталықтарынан келген 15 би ұжымы қатысты. Іс-шараның жалпы мақсаты оқушылардың хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу. Айта кетейік, би байқауы 2 бағытта болды:
1) Халық биі және халықтық стильденген би;
2) Заманауи би, эстрадалық би.
Әр би ұжымы 2 бағыт бойынша бір номерден ұсынды. Жүлделі орынды беру қызу талқыда болып:
Гран-при иегерлері “Айказ” би ұжымы;
1 орын иегерлері Фурмон жалпы білім беретін мектебінің “Гауһар” би ұжымы;
2 орын иегерлері ҚББ “Арман” би ұжымы мен “SunRise” би ұжымы;
3 орын иегерлері “Жас Ұлан” БЖО “Тұмар” би ұжымы мен “Гүлдер” арнайы мектеп-интернаты болды.
Барлық қатысушы топтарға өз алғысымызды білдіреміз!