Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Дулатов көшесі, 1
8(714-30) 7-09-43, 7-04-05
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Қостанай Облысы Әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Додаға әр қала мектебі өз командасымен қатысқан еді. Барлығының да жарысқа тың дайындықпен келгені байқалады.

Жарыстың негізгі ережесі 25 м қашықтықтағы бассейнде жүзу. Команда құрамы 4 адамнан тұруы қажет. Ойын барысында 2 команда уақыт көрсеткішіне суда жүзіп жарысты. Ал, бұл тартысты додада төрешілік еткен жүзуден жаттықтырушылар Аманов С.Ж. , Кәдір Б.К.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада ерекше көзге түскен жүзуші де болды. Қызу тартыс барысында М. Әуезов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп командасын соңғы сәтте шебер суда жүзуімен Дәулетов Жандаулет жеңіске алып келген болатын. Өз командасын алып шыққан шебер жүзушіге «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының басшысы Қабылдин Е.Ж. жаз бойы тегін бассейнге келуге сертификат берді. Қорытындылай келе, топтық суда жүзу жарысының 1 орын иегерлері М. Әуезов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп командасы, 2 орын иегерлері Ш. Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектеп командасы, 3 орын иегерлері Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектеп командасы болды.