Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Дулатов көшесі, 1
8(714-30) 7-09-43, 7-04-05
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Қостанай Облысы Әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

1 - 4 сынып оқушыларына арналған «Жастар» кіші спартакиада шеңберінде спорттық қимыл қозғалыс ойыны қыздар арасында Пионербол  жарысы өткізілді

2025 жылдың 11-12 ші желтоқсан күні аралығында «Жас Ұлан» балалар мен жасөпірімдер орталығының ұйымдастыруымен, қала және ауыл мектептерінің бастауыш  1-4 сынып оқушыларына арналған «Жастар» кіші спартакиада шеңберінде спорттық қимыл қозғалыс ойыны қыздар арасында Пионербол  жарысы өткізілді. Жарысқа барлық қала мектептерінен және ауыл мектебінен 2 команда келіп, жалпы саны бойынша 14 командадан 120 дан астам оқушы қатысты. Тартысты ойында команда ойыншылары әр-түрлі айла тәсілдерін қолдана отырып жеңіске қол жеткізді. Барлық командалар жақсы дайындықпен келді, күш жігерліктерін салып ең мықтысы жоғары ұпаймен жеңіске жетті.

Жеңімпаздарға келсек: 

командалық есепте 

Іорын – А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясы; 

ІІ орын – Кейкі батыр атындағы №4 мектеп; 

ІІІ орын-  Фурмонова ЖББМ;

Алдағы уақытта спортшыларымызға сәттілік тілеп үлкен додаларда көруімізге тілектеспім.

Жарыстың ұйымдастырушысы мен бас төреші: Жусупов М.Ш.